Қазақстан Республикасындағы интернет-алаяқтық – өзекті жағдай

Қазақстан Республикасындағы интернет-алаяқтық – өзекті жағдай

Мемлекеттік қызметтер мен қаржылық операциялардың белсенді цифрландырылуы жағдайында Қазақстан Республикасында интернет-алаяқтық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Интернет-алаяқтық азаматтар үшін елеулі қауіп болып қала береді және мемлекет тарапынан да, халық тарапынан да жоғары назар аударуды талап етеді.

Шахтерское ауылында интернет-алаяқтықтың алдын алу және болдырмау мақсатында ауыл әкімі аппаратының мамандары халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, ауылдың әлеуметтік желілерінде күмәнді қоңыраулар, сілтемелер мен SMS-хабарламаларға қатысты сақтық шаралары мен мінез-құлық ережелері туралы ақпараттар жарияланып, сондай-ақ тұрғындарға жадынамалар таратылуда.

Алаяқтықтың алдын алу үшін азаматтарға: бөгде адамдарға банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін кодтарды және құпиясөздерді хабарламау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, ақпараттың шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексеру, күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтату, алаяқтық фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.