Нұра ауданының полиция бөлімі «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді

Нұра ауданының полиция бөлімі «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді

25 сәуірде Шахтерское ауылында Нұра ауданының полиция бөлімі «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді. Аталған акцияның мақсаты – ашық диалог орнату және әрбір азаматқа көмек көрсету. Кездесу барысында азаматтар полиция қызметкерлерімен тікелей тілдесіп, жол қозғалысы ережелері мен мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды, сондай-ақ осы кездесу аясында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция бөлімі құзыретіне жататын өзекті мәселелерді шешуге көмек алды.