
Осы жылдың 15 сәуірінде Шахтерское ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілді. Аталған іс-шара барысында ауылдың бүгінгі күнгі өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді. Сонымен қатар ауылды абаттандыру және санитарлық тазарту, ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.