
Қазақстандықтар күн сайын интернет-алаяқтардың құрбанына айналуда. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауыл әкімі аппаратының мамандары халық арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Іс-шаралар барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері туралы түсіндіріледі. Жаднамалар таратылып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ескертулер жарияланады. Мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтыққа байланысты қылмыстар санын азайтуға бағытталған.