8 наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар

8 наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар

Шахтерское ауылында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл күні ауылдың дамуына үлкен үлес қосып жүрген, түрлі салаларда еңбек етіп, отбасында береке мен жылулық қалыптастырып жүрген әйелдерге құрмет көрсетілді.

Іс-шара аясында ауыл тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, концерттік нөмірлер қойылып, құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар, «Мисс Шахтерское» байқауы өтті. Байқауға ауылдың аналары қатысып, өздерінің үй шаруасын ұқыпты жүргізе білетіндігін және заманауи сән үрдістерінен хабардар екенін көрсетті.

Жергілікті әкімдік өкілдері де құттықтау сөз сөйлеп, әйелдер қауымына зор денсаулық, бақыт, амандық және табыс тіледі. Сонымен қатар, аға буын өкілдері де назардан тыс қалмай, оларға құттықтаулар мен шағын сыйлықтар табысталды.