
Мәдениет үйінде Ауған соғысының оқиғалары мен интернационалист жауынгерлердің ерлігіне арналған «Ауғанстан – біздің жадымыз бен қасіретіміз» атты еске алу сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау. Кездесуге мектеп оқушылары қатысып, олар үшін арнайы тақырыптық бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушыларға соғыстың себептері мен барысы, Отан алдындағы борышын адал атқарған жауынгерлердің ерлігі туралы айтылды. Сонымен қатар бейбіт өмір мен адам өмірінің құндылығы ерекше атап өтілді. Іс-шара барысында өлеңдер оқылып, естеліктер айтылды, архивтік фотосуреттер көрсетілді. Оқушылар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, соғыстан оралмаған батырларға құрмет көрсетті. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың ел тарихын тереңірек түсінуіне ықпал етіп, отансүйгіштікке, үлкен буынның ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелейді.