Қазақстандағы дін: бейбітшілік, келісім және қауіпсіздік

Қазақстандағы дін: бейбітшілік, келісім және қауіпсіздік

2025 жылғы 9 ақпанда Шахтерское ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.А. Бексултанов ауыл тұрғындарымен «Қазақстандағы дін: бейбітшілік, келісім және қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме өткізді. Кездесудің мақсаты – тұрғындарға еліміздегі діннің рөлі туралы түсіндіру, әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын жеткізу, сондай-ақ радикалды ағымдардың қауіптілігі жөнінде ескерту болды.

Тыныштық пен өзара құрмет қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі, жастарды қауіпті идеялардан қорғайды және еліміздің қауіпсіздігін нығайтады. Осындай кездесулер мен әңгімелер халықтың ақпараттылық деңгейін арттыруға, өзара құрметті қалыптастыруға және экстремизмнің таралуының алдын алуға ықпал етеді.