Конституциялық реформа және жаңа жаңғырту

Конституциялық реформа және жаңа жаңғырту

2026 жылы Қазақстанда конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Нұра ауданында жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті. Кездесу барысында елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалардың маңызы, жаңа Конституция жобасының мазмұны және оның қоғам өміріне әсері жан-жақты айтылды.

Аталған іс-шараға Шахтерское ауылының тұрғыны, «Шахтерское» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Георгий Георгиевич Прокоп қатысты. Ол қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.