
Мемлекет басшысының ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Шахтерское ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында «Құқық кабинеті» бұрышы ашылды. Ол қажетті компьютерлік техникамен (принтер, телефон, вебкамера) және «Әділет» АҚЖ, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі бар бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтануы тиіс (eotinish.kz, egov.kz, «Ашық НҚА» порталы және т. б.)қолжетімділігі бар бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған және Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы базасында жұмыс істейді.
Бұл шалғай ауылдық округтерде халыққа құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ заңнаманы өз бетінше зерделеу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану барысында сұрақтар туындаған жағдайда қызмет алушы аумақтық әділет органының құқықтық түсіндіру бөлімінің қызметкеріне немесе 1414 байланыс орталығына хабарласа алады.