Адам еңбегі — қоғамның әл-ауқатының негізі.

Адам еңбегі — қоғамның әл-ауқатының негізі.

26 желтоқсанда, жыл аяқталар қарсаңында, Шахтер ауылдық кітапханасында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Шахтерское» ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевич және мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Георгий Георгиевич Жұмысшы мамандықтар жылының маңызы, жұмысшы мамандықтарының ауыл үшін неге маңызды екені туралы айтып, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарының мысалдарын келтірді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға жұмысшы мамандықтарының құрметке ие, тұрақты әрі ауыл мен елдің болашағына нақты үлес қосатын мамандықтар екенін жеткізу болды.