
25 желтоқсан күні ауылдық Мәдениет үйінде мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған «Жаңа жылдық шытырман оқиға» атты жаңа жылдық мерекелік қойылым өтті. Іс-шараға Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлері қатысты. Мереке барысында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар таратылды.