
Қазақстанда eGov.kz, eOtinish, Kaspi.kz сияқты платформалар жұмыс істейді, олар өтініштер беруге, қызметтерді төлеуге, анықтамалар алуға және көптеген мәселелерді онлайн режимде шешуге мүмкіндік береді. Цифрлық платформалар мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету және жақсарту үшін құрылған. Олардың негізгі мақсаты — процестерді барынша қолайлы, ашық және тиімді ету.
Ауыл әкімінің аппараты тарапынан халыққа мемлекеттік қызметтерді тиісті деңгейде көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Цифрлық үкіметті» дамыту – заманауи, қолайлы және ашық мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Соның нәтижесінде азаматтардың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің артқаны байқалады.
Ауыл әкімі аппаратының ғимаратында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді тұрғындардың өз бетінше және тегін алуына мүмкіндік жасау мақсатында «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Интернетке кең қолжетімділікті қамтамасыз ету, қызмет көрсету орталықтары мен электрондық порталдарды құру, мемлекеттік деректер базаларын ықпалдастыру, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, мобильді сервистер мен қосымшаларды дамыту бүгінде мемлекеттік қызметтерді барлық санаттағы азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді алуға мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті кеңес пен көмекті акимат қызметкерлері көрсетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы туралы ақпарат жергілікті WhatsApp, Instagram, Facebook мессенджерлерінде жарияланып отырады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмыс істеуі нәтижесінде электрондық қызметтерді пайдаланатын азаматтардың саны артып, қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі жоғарылағаны байқалады. Ауыл әкімі аппаратының жұмысы азаматтардың жүгінуі үшін қолайлы жағдай жасауға, мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтуға, ашықтық пен жеделдік қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.