
Нұра ауданында «Қазақстанның Еңбек Ері» Георгий Георгиевич Прокоптың 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті
2025 жылдың 11 қазан күні Нұра кентіндегі Мәдениет үйінде «Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Георгиевич Прокоптың 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік күн ДК фойесінде басталып, оқушылар қолдарына гүлдер мен шарлар ұстап, қызыл кілем төселген жол бойымен «тірі дәліз» құрып, туған жерінің даңқты тұлғасын қошеметпен қарсы алды. Әуеде фанфар үні естіліп, ерекше толқулы көңіл-күй орнады.
«Мен өз жерімді сүйемін» атты мерекелік кеш-портрет кейіпкердің өмір жолы мен еңбек майданындағы жетістіктеріне арналды. LED-экранда бидай алқабы мен комбайн бейнеленіп, кейіпкердің суретімен безендірілді. Арнайы дайындалған бейнеролик арқылы көрермендер Георгий Георгиевичтің өмір жолы мен ауыл шаруашылығын дамытудағы қажырлы еңбегі туралы әсерлі көріністер тамашалады.
Кеш барысында аудан және облыс басшылары, еңбек ардагерлері мен әріптестері тарапынан жылы лебіздер айтылып, құрмет көрсетілді. Георгий Георгиевичтің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, еңбектегі адалдығы мен туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігі ерекше атап өтілді.
Салтанатты жиында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Сайфиддинұлы Кобжанов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың құттықтау хатын жеткізді.
Өз сөзінде Георгий Георгиевич көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, бұл жетістіктердің барлығы да «Шахтерское» ұжымының бірлігі мен табанды еңбегінің арқасы екенін атап өтті.
Кеш барысында аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары тамаша әндерден шашу шашты. Көрермендер назарына «Туған жерім – Қазақстаным», «Живите, любите», «Тау ішінде», «Цвети, Земля моя», «Земля моя, радость моя» әндері ұсынылды. Кеш «Ақбидай» әнімен қорытындыланды.
Во время вечера районные артисты и творческие коллективы подарили зрителям замечательные песни. В их исполнении прозвучали композиции «Туған жерім – Қазақстаным» («Моя Родина – Казахстан»), «Живите, любите», «Тау ішінде» («В горах»), «Цвети, Земля моя», «Земля моя, радость моя». Завершился вечер песней «Ақбидай» («Белая пшеница»).