Қазақстанда Кәсіпкерлер күні аталып өтуде.

Қазақстанда Кәсіпкерлер күні аталып өтуде.

Қазанның 29-ы күні Қазақстанда жаңа мереке – Кәсіпкерлер күні аталып өтеді.
Кәсіпкерлік кодексінің қабылдануы бизнеске қолдау көрсетудің негізі болды.

Нұра ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер күніне арналған «Кәсіпкер – ел дамуының тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Кәсіпкерлер – жергілікті экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауылдың әлеуметтік өмірінің жақсаруына зор үлес қосып жүрген азаматтар. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды. Ауылымыздың жеке кәсіпкері Каймолдина Жумакуль Жарылгасыновна аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жумакуль Жарылгасыновна Сізді шын жүректен құттықтай отырып, Сізге денсаулық, отбасыңызға амандық, кәсіпкерлік жолындағы еңбегіңізге табыс, жаңа жетістіктер мен кәсібіңіздің өркендеуін тілейміз.