ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ
 
"Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең" деген даналық сөз бар.
Ұрпағына ұлағатты сөз айтып, ақыл-кеңесін аямайтын, батасымен елге құт дарыған қазыналы қарттарымызға құрмет пен қамқорлық көрсету - парызымыз.
"1 қазан - Халықаралық қарттар күні" қарсаңында "Пржевальское" ЖШС басшысы: Таттыбаев А.Э., және ардагерлер кеңесінің төрағасы: Киркэ Ш.Т., бірлесіп ауыл қарияларын мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерімізді білдіріп қайттық!
"Пржевальское" ЖШС-нің басшысы: Таттыбаев А.Э., демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауылымыздың қарияларына алғыс пен құрметтің белгісі ретінде, арнайы дайындалған ақшалай сыйақылар табыс етілді!
Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше. Аталмыш мерекенің мәні де осында жатса керек.
Өз кезегінде қариялар шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді!