Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының 2024 жылғы іс-шараларын жүзеге асыруға байланысты, "Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің аппараты" ММ-де "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында жиын өткізілді.
Жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.
Мұзбел ауылының әкімі Бекмагамбетова А.К. - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының мәнісі мен мазмұны жайлы түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және оларды жоюға қажетті шараларды қолдану, сондай-ақ негативті әрекеттердің алдын-алу мақсатында тұрғындар арасында нысаналы жұмыстар үнемі жүргізіледі.