МҰЗБЕЛДЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

МҰЗБЕЛДЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

"9 мамыр – Жеңіс күніне" орай Мұзбел ауылының орталық саябағындағы «Ұрпаққа үлгі болған ерлік – мәңгі жадымызда» атты мемориалды тақта алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым жасалды.

Ел үшін жанын қиған боздақтардың ерлігі мен жанқиярлық батылдығы – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын асыл мұра. Іс-шара барысында ардагерлердің ерлігі еске алынып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Бұл күн - ерлікті ұлықтап, бейбіт өмірдің бағасын сезіндіретін ерекше тарихи дата. Жеңіс жолында қан кешіп, ел болашағы үшін күрескен батырларға құрмет көрсету – баршамыздың қастерлі борышымыз.

Ер есімі - ел жадында мәңгі сақталады!