
Тұрғын үй құрылыстары маңындағы қоралардың шатырларына шөп жинауға, сондай-ақ өту жолдарын үйіп тастауға жол берілмейді;

Тұрғын үйлердің аумақтарында пішендерді жинау ғимараттар мен аулалық құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады;

Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс;

Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал нығыздалған шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс;

Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстарға және орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады;

Ірі жемшөптерді тасымалдау ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлік құралында жүзеге асырылады;

Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.