
Нұра ауданы Мұзбел ауылында «Нұра ауданының Жастар ресурстық орталығының» директоры Т.Ж. Шолтаев Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен және ауыл жастары арасында кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастар арасында кең таралған өзекті мәселелер — есірткі заттарының, темекі мен вейптің, алкогольдік ішімдіктер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ғаламтор кеңістігіндегі қауіпті ойындар мен қосымшалардың жастар психологиясына тигізетін кері әсері туралы да айтылды.
Шара соңында Т.Ж. Шолтаев Міржақып Дулатұлы атындағы мектеп ұжымына музыкалық колонка табыс етті.
Кездесу ашық диалог түрінде өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.