Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық  әйелдер  күні

Құланөтпес ауылында 8 наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Мәдениет үйінің ұйымдастырылуымен ақ жаулықты аналарымыз бен қыз келіншектерге арнап концерт өтті. Мереке соңында 70 жастан асқан әжелерімізге ауылымыздың шаруа қожалықтарының демеуімен алынған сыйлықтар табысталды.