2020 жылдың есепті кезеңінде "Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімінің аппараты" ММ 9 (тоғыз) Мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау"арқылы электрондық түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізіледі. "Электрондық үкімет" веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннерлер ілінді, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында "eGov.kz" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2020 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.