Қарағанды облысында кәсіпорындар мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын.

Қарағанды облысында кәсіпорындар мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын.

Қарағанды облысында кәсіпорындар мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын. Бұған жұмыс берушіге субсидия төлей отырып, мемлекеттік бағдарлама ықпал етіп отыр. Егер өткен жылы 12 арнайы жұмыс орны құрылған болса, биыл олардың саня екі есеге артты.


– 2024 жылы Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 26 арнайы жұмыс орны жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер 10 өтініш берді, қазірдің өзінде 8 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында көру, есту қабілеті бұзылған адамдар бар. Бағдарламаға қалалар да, аудандар да қатысады. Салалары әртүрлі: өндіріс, қызмет көрсету, білім беру орталықтары, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов. – Келесі жылы арнайы жұмыс орындары одан да көп болады деп ойлаймын. Жұмыс берушілер мемлекет тарапынар қолдау бар екенін көріп, қызығушылық танытып жатыр.

Жұмыс берушіге арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған құрылғылар сатып алу және орнату шығындары өтеледі. Сондай-ақ мемлекет мүгедек адамдардың жалақысының бір бөлігін өзіне алады. Субсидиялар үш жыл бойы ай сайын төленеді: бірінші жылы – жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды, қазір бұл 110 760 теңге), екінші жылы – жалақының 65%, үшінші жылы – 60%.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс шарттары Теміртаудағы кәсіпорындардың бірінде көрсетілді.