“Кітапхана көкжиектері” Кайнар ауылында!
Н.В Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары 10 маусым күні “Кітапхана көкжиектері: Ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері” жобасы аясында Қайнар ауылдық кітапханасында жалғасты. Бұл күні ауыл кітапханашылары үшін мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыдан құнды шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылды.
Кездесуге Қайнар ауылына жақын орналасқан елді мекендердің кітапханашылары да қатысып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, кәсіби біліктіліктерін шығдады. Қатысушылар әлеуметтік желілермен жұмыс, библиотграфиялық құралдарды дайындау , құжаттаманы жүргізу және кітап оқуды насихаттау бойынша заманауи тәсілдермен танысты.
Сонымен қатар, “Ауыл кітапханасына жаңа кітап сыйла” акциясы аясында ауыл кітапханасына құнды кітаптармен кеңсе тауарлары табысталды. Бұл игі бастама, ауыл кітапханаларының материалдвқ-техникалық базасын нығайтып, оқырмандар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл кездесу - тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар ауыл кітапханашыларының ынтымақтастығын нығайтып, кәсіби даму жолындағы жаңа бағыттарды айқындаған маңызды шара болды.