Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.
Егінді кітапхансында Қазақстан халқы Бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты көрмеде халықтың материалдық және рухани мәдениеті назарға ұсынылды. Біздің ауылда 15- ден астам ұлт өкілдері тұрады . Барлығы бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай. Өйткені, біздің ортақ мекеніміз-Қазақстан. Мемлекеттің бірлігі бәрінен биік тұруы керек. Біз осынау дарқан далада дүниеге келдік, осында білім алып, өмір сүріп жатырмыз. Бейбіт елдің бақытты бесігінде тербелген әр ұлттың баласы еркін білім алып, өз ұлтының мәдениетін сақтап, оны дамытуына барлық мүмкіндік бар”, -дейді ауыл тұрғындары
Іс-шара барысында қатысушылармен ассамблеяның сртратегиялық құжаттары «Ұлттық бірлік доктринасы», «Қазақстан халқы ассамблеясының даму тұжырымдамасы» талқыланды. Барлық қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының орасан еңбегі арқасында, біздің еліміз биік жетістіктерге жеткені туралы бір пікірге келді. Қазақстаннның табысты дамуы үшін негізгі жағдайлар- бұл этноаралық келісім және қоғам тұрақтылығы.