МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕНДІ

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕНДІ
25 мамыр күні Егінді ауылында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов және аудандық мәслихат төрағасы Қуаныш Жүнісбеков қатысты.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы емтихандар мен Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жас түлектерге биік мақсаттар қойып, болашақта ел дамуына үлес қосатын азамат болуға шақырды.
Іс-шара аясында білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік күн аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде мектеп аумағында шырша көшеттерін отырғызу ұйымдастырылды. Аудан әкімі мектеп түлектерімен бірге ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғау мен туған жерді көркейту бағытындағы игі бастамаға қолдау көрсетті.
Шара мерекелік көңіл-күйде өтіп, мектеп бітіруші түлектер үшін есте қаларлық сәттердің біріне айналды.