АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
2026 жылғы 21 мамыр күні Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов  Егінді ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында елді мекеннің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму барысы талқыланып, ауыл әкімінің атқарған жұмыстары сараланды. Сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарланған жұмыстар жөнінде айтылды.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, инфрақұрылым, абаттандыру, жолдардың жағдайы, коммуналдық қызметтер және өзге де маңызды бағыттар бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сауалдарға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер назарға алынатыны жеткізілді.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов тұрғындармен тұрақты түрде ашық диалог жүргізу маңызды екенін атап өтіп, халықтың өтініштері мен ұсыныстары алдағы жұмыстар барысында ескерілетінін айтты.