
Егінді ауылында «Абайлаңыз алаяқтардан!» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кездесу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет пен телефон арқылы алаяқтық фактілерінің алдын алуға бағытталған. Тұрғындарға жеке мәліметтерді сақтау және күдікті қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда қырағы болу маңыздылығы ескертілді.