Егінді ауылының әкімдігінде “ "Сыбайлас жемқорлық - қоғам мәселесі"” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: “Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалы базасы мен іс-қимылдар жүйесі туралы сұрақтар талқыланды. Бас маман Темирова Р.К тақырып бойынша өзінің пікірін білдіріп сөз сөйледі. Шара қорытындыланып, қатысушыларға алғыс білдірілді.