Батырды еске алу.

Батырды еске алу.

       

 

             2024 жылғы 19 маусымда  Баршын ауылында браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Балғабекұлы Нұрғалиевті еске алұға арналған іс-шара өтті. 

        Ол қайтыс болғаннан бері бес жылдан астам уақыт өтті. 2019 жылдың қантарында батырдың жүрегін тоқтатқан оқиға болды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ақбөкендерді аулаған браконьерлер тобы олардың жолында тұрған қорықшыны атып өлтірді, марқұмның серіктесі ауыр жаракат алды. Іс- шараға Ерланның туыстары мен жақындары- батырдың жары, әпкелері мен немересі қатысты. Концертке қатысқан көрермен көз жасын ұстай алмады.  Нұрғалиев туралы туыстары мен достарының естеліктері- бейнероликтер көрсетілді, оны еске алуға арналған концерт көрсетілді.

     Батырдың ерлігін Отан жоғары бағалады. Қайтыс болғаннан кейің Нұрғалиев Ерланға 3 дәрежелі "Барыс" ордені табысталды.