"Таза Казақстан" акциясы

"Таза Казақстан" акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. 5 сәуірде Ақмешіт ауылдық округінің аумағында Таза Қазақстан акциясы бойынша алғашқы көктемгі сенбілік өтті. Аталған акция бойынша шақырулар бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Қыстан кейін қар астында қалған қоқыстарды тезірек жинау қажет. Әрқайсымыз өз ауламызды, өз көшемізді, қала, аудан, ауылды таза ұстауға ұмтылуымыз керек.