Қантай ауылынды сумен 100% қамтамасыз ету

Қантай ауылынды сумен 100% қамтамасыз ету

ҚАНТАЙ АУЫЛЫНДА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Нұра ауданының Қантай ауылында тұрғындар үшін көптен күткен қуанышты оқиға болды – ауылда орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Бұл жоба ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық қадам болып табылады. Су құбыры желілерінің құрылысы аясында ұзындығы 7 900 метр су құбыры тартылып, 68 су тарату ұңғымасы орнатылды. Сондай-ақ, сыйымдылығы 25 м³ су мұнарасы мен бірінші көтергіш сорғы станциясы салынды. Енді әрбір тұрғынның үйі таза әрі сапалы ауыз суға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтады. – Ел Президенті ауылды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Сол бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижесі – Қантай ауылындағы бүгінгі қуанышты оқиға. Таза ауыз су – адам өмірінің негізі, денсаулық пен тұрмыс жағдайының кепілі. Бұл жоба – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам, – деді аудан әкімі өз сөзінде. Қантай ауылының тұрғындары да ауылға таза судың келуін үлкен қуанышпен қарсы алды. – Бұрын ауыз суды алыс жерден тасып ішуге тура келетін. Енді әр үйге су кіргізіліп, тұрмысымыз әлдеқайда жеңілдеді. Бізге осындай жағдай жасап, таза суды жеткізген барша адамдарға алғысымыз шексіз, – дейді ауыл тұрғындары ризашылықпен. Орталықтандырылған ауыз су жүйесінің іске қосылуы – Қантай ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғап, өмір сапасын жақсартуға зор ықпал ететіні сөзсіз.