
Ағымдағы жылдың 14 мамырында Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен жоспарланған арнайы тактикалық оқу-жаттығуларға дайындық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында Нұра ауданына жұмыс сапары жүзеге асырылды. Сапар аясында құзырлы мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдар өкілдерінің қатысуымен маңызды жиын өткізіліп, алдағы тактикалық тапсырмаларды орындау және өңірлік қауіпсіздікті нығайту шаралары жан-жақты пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта бекітілген жоспарға сәйкес, дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.