Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Облыста Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 12/05 қаулысына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 286 адам жіберілді. Наряд 100% орындалды.

Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қатарына шақыру басталады.

Эпидемиологиялық жағдайда азаматтарды әскери қызметке шақыруды іске асыру үшін Қарағанды облысының әкімдігі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, облыстық жинау пунктінде байланыссыз термометрді қолдана отырып, әскерге шақырылушылардың дене температурасын өлшеу үшін арнайы бақылау постын ұйымдастырды.

Облыстық жинау пунктінің аумағында бетперде режимі енгізілді, барлық қызметтік және медициналық үй-жайлар қолды өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз етілді.