8 ақпан сағат 17:00 «Шалқыма» концерт залында бас дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.
Солист - халықаралық конкурстардың лауреаты Бекзат Рақымов (фортепиано, Мәскеу).
Классикалық музыка кешінің бағдарламасында № 2 фортепиано мен оркестрге арналған концерт, Сергей Рахманиновтың 18 шығ.; № 5 симфония, ми минор, Петр Чайковскийдің 64 шығ.
Бекзат Рақымов 2002 жылы Алматыда дүниеге келген. «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, Милан, Мәскеу, Тула концерттік залдарында жеке концерттермен өнер көрсетті. Ірі халықаралық және қазақстандық конкурстардың лауреаты.