Азаматтық қызметшінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Азаматтық қызметшінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

Азаматтық қызметшінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ (100008, Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғ., 32, 203 каб.,анықтама үшін, тел.:8(7212)41-14-80, факс: 8(7212)41-14-79, электрондық мекен-жайы: zh.kasimbekova@karaganda-region.gov.kz, азаматтық қызметшінің бос лауазымдарына  орналасуға конкурс жариялайды (А-1-2 санаты, А-1-3 санаты):

  1. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, тел. 8 (7102) 72-05-71).

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

        "Өнер" мамандықтары бойынша немесе "Мәдениеттану" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңын, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы, сонымен қатар ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбек және басқару негіздерін, шетелдік театрландырылған-көрнекі ұйымдардағы жұмыс өтілін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу міндетті.

    Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:               

Санаты

 

Қызмет өткерген жылдарына байланысты жалақысы

бастап

дейін

А-1-2

101404

122994

 

Функционалдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның шығармашылық, өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, ұйымдастыру-өкілеттік және қаржылық қызметін басқару, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмысты ұйымдастыру, көрсетілген жұмыстар үшін дербес жауапкершілікте болу.  

Театрландырылған-көрнекі ұйымдардың саясатын және қызмет стратегиясын анықтау. Спектаклдердің қойылымдарын жүзеге асыру және қаржылық-материалдық жабдықтау. Көркемдік жетекшімен бірге күнтізбелік және перспективті репертуар жоспарларын әзірлеу, репертуарды шығару, жаңа және қалпына келтірілген спектакль қойылымдарын шығару. Көркемдік жетекшімен (бас режиссер, бас дирижер, бас балетмейстер) келісім бойынша орындаушылар мен қойылым топтарының құрамдарын, безендіру эскиздері мен макеттерін, жаңа және қалпына келтірілген спектакль қойылымдарының жоспарлары мен жұмыс кестелерін бекіту. 

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдайды қалыптастыру бойынша шара қабылдау. Жұмыстың жекелеген бағыттарын директордың орыбасарларына, шығармашылық және өндірістік бөлімшелердің басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларға бөлу. Шарттарды жасау, сенімхаттар беру, мәмілелер жасау, қажетті есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз ету, бұйрық шығару, ұйымның мүліктік және басқа да мүдделерін сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда  қорғау және өкілдік ету.

  1. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Саңыраулар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров даңғ, 31 телефон 8 (7212) 51-24-43. 

       Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

"Өнер" мамандықтары немесе "Гуманитарлық ғылымдар" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе «Қызмет көрсету» мамандықтары бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл өтілі болуы тиіс.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңын, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы, сондай-ақ ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбек және басқару негіздерін, шетелдік театрландырылған-көрнекі ұйымдардағы жұмыс өтілін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу міндетті.

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:               

Санаты

 

Қызмет өткерген жылдарына байланысты жалақысы

бастап

дейін

А-1-2

101404

122994

 

Функционалдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдени-демалыс ұйымының қызметіне басшылық жасайды; шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; халық шығармашылығы байқаулары мен фестивальдарын, конкурстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; шығармашылық ұжымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады; парк пен оның филиалдарының аумағында эстрадалық театрларды, кинолекторияларды, планетарийлерді, кітапханаларды, би және ойын павильондарын, алаңдарды, мұз айдындарын, шаңғы және қайық станцияларын ұйымдастырады, мәдени-тұрмыстық және спорттық мүкәммалды жалға беру базаларын, халыққа қызмет көрсетуге арналған әртүрлі аттракциондар мен объектілерді, үрмелі және эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымдарын, әр түрлі секцияларды қамтамасыз етеді, бақ-саябақ шаруашылығының дамуы мен сақталуын қамтамасыз етеді; әдістемелік құралдар, сценарийлер әзірлеу, репертуар жасау, осы материалдарды рецензиялау және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық көмек көрсету үшін білікті мамандарды тартады.; біліктілікті арттыру үшін жағдай жасайды, қызметкерлердің шығармашылық бастамасын ынталандырады, көтермелейді; ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды.

  1. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, С.Сейфуллин даңғ, 26, тел. 8(71030) 2-63-28.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

«Өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша немесе «экология» немесе «құқықтану» немесе «экономика» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын, сонымен қатар ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбек және басқару негіздерін, шетелдік театрландырылған-көрнекі ұйымдардағы жұмыс өтілін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу міндетті. 

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:               

 

Санаты

 

Қызмет өткерген жылдарына байланысты жалақысы

бастап

дейін

А-1-3

90786

110075

 

Функционалдық міндеттері:

Музей мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан халықтарының көркем, мәдени және әдеби мұрасын, әлемдік мәдениеттің үздік туындыларын және әлемдік өнердің мәдени құндылықтарын насихаттауды, ғылыми-зерттеу жұмысын, көпшілік ғылыми-ағартушылық жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз ету. Ұйымның жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Басқа музейлермен, мүдделі ұйымдармен іскерлік қатынастарды орнатып қолдау. Заңнамамен ұсынылған құқықтың шегінде қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуді басшы орынбасарларына тапсыру. Басқа ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен келісімшарт, мәміле, операциялар жасасу, өкімдер, бұйрықтар шығару, ұйымның мүліктік және басқа мүддесін сотта және басқа органдарда уәкілдік ету және қорғау. Жұмыскерлердің шығармашылық бастамасын ынталандыру және көтермелеу. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігі мен тәжірибесін жоғарылату, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жағымды психологиялық атмосфера жасау бойынша шаралар қабылдау. Орнатылған тәртіпте отандық және шетел музейлерімен ғылыми байланысты, көрмемен ауысуды ұйымдастыру. Қорларды жинақтауды, зерттеуді және танымал етуді қамтамасыз ету, сақталуын қадағалауды іске асыру. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімі мен тәжірибесін ұтымды қолдану және дамыту бойынша шаралар қабылдау.

Шарттарды жасау, сенімхаттар беру, мәмілелер жасау, қажетті есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз ету, бұйрық шығару, ұйымның мүліктік және басқа да мүдделерін сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда  қорғау және өкілдік ету.

  1. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Осакаров ауданының тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Совесткий көшесі, 8, телефон 8 (72149) 4-24-06.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

«Өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша немесе «экология» немесе «құқықтану» немесе «экономика» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын, сонымен қатар ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбек және басқару негіздерін, шетелдік театрландырылған-көрнекі ұйымдардағы жұмыс өтілін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу міндетті. 

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

 

Қызмет өткерген жылдарына байланысты жалақысы

бастап

дейін

А-1-3

90786

110075

 

Функционалдық міндеттері:

Музей мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан халықтарының көркем, мәдени және әдеби мұрасын, әлемдік мәдениеттің үздік туындыларын және әлемдік өнердің мәдени құндылықтарын насихаттауды, ғылыми-зерттеу жұмысын, көпшілік ғылыми-ағартушылық жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз ету. Ұйымның жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Басқа музейлермен, мүдделі ұйымдармен іскерлік қатынастарды орнатып қолдау. Заңнамамен ұсынылған құқықтың шегінде қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуді басшы орынбасарларына тапсыру. Басқа ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен келісімшарт, мәміле, операциялар жасасу, өкімдер, бұйрықтар шығару, ұйымның мүліктік және басқа мүддесін сотта және басқа органдарда уәкілдік ету және қорғау. Жұмыскерлердің шығармашылық бастамасын ынталандыру және көтермелеу. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігі мен тәжірибесін жоғарылату, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жағымды психологиялық атмосфера жасау бойынша шаралар қабылдау. Орнатылған тәртіпте отандық және шетел музейлерімен ғылыми байланысты, көрмемен ауысуды ұйымдастыру. Қорларды жинақтауды, зерттеуді және танымал етуді қамтамасыз ету, сақталуын қадағалауды іске асыру. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімі мен тәжірибесін ұтымды қолдану және дамыту бойынша шаралар қабылдау.

Шарттарды жасау, сенімхаттар беру, мәмілелер жасау, қажетті есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз ету, бұйрық шығару, ұйымның мүліктік және басқа да мүдделерін сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда  қорғау және өкілдік ету.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:  конкурсқа қатысу туралы өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп), лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық сендірілген көшірмелері, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық сендірілген көшірмесі, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме, ерікті үлгіде жазылған өмірбаян. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар оны құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Аталған лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтерме шығындары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.