Отбасы күні аясында «Отбасылық суреттегі тарих» атты сурет зерттеудің тұсаукесері өтті

Отбасы күні аясында «Отбасылық суреттегі  тарих» атты сурет зерттеудің тұсаукесері өтті

2021 жылдың 10 қыркүйегінде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Отбасы күні аясында «Отбасылық суреттегі  тарих» атты сурет зерттеудің тұсаукесері өтті.

Жыл бойы сегіз мың қор фотосуреттерін зерделеу арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде теміртаулықтардың бірнеше жүздеген отбасылық фотосуреттері іріктелді.

Естеліктерді, өмірбаяндық анықтамаларды, жеке істерді зерттей отырып, таңдау бірнеше отбасыға түсті - Назарбаевтар, Әубәкіровтер, Оразбековтер, Брух, Мацневтер, Перхиндар, Баймұрзиновтар, Касапиди, Валеевтер, Майжоловтар. Отбасылық суреттерде 33 адам бар, олардың әрқайсысы туралы «Отбасылық суреттердегі тарих» экспозициясында баяндалды.

«Отбасылық суреттердегі тарих» атты сурет зерттеулері инсталляция элементтері бар экспозициялық аймақтар түрінде ұсынылған. Музей заттары мен суреттер отбасының әр мүшесінің жеке өмірбаянымен ХХ ғасырдың тарихи және саяси процестерімен қатар жүреді.

Тұсаукесер оффлайн режимінде өтті, оған Теміртау қ. № 6 ЖББОМ 9-сынып оқушылары, БАҚ өкілдері және Теміртау қаласының тұрғындары қатысты.