«Әскери фельдшер П.А. Карлаштың медициналық түтігі» атты экспозициясының ашылуы

«Әскери фельдшер П.А. Карлаштың медициналық түтігі» атты экспозициясының ашылуы

2021 жылдың 14 маусымында сағат 11.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында Медицина қызметкерлері күніне арналған «Әскери фельдшер П.А. Карлаштың медициналық түтігі» атты экспозициясының ашылуы өтті.

Жәдігерді таңдау тек медициналық салаға ғана емес, сонымен қатар иесінің жеке басына да байланысты. Бұл медициналық түтік әскери фельдшер, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Теміртау қаласының Денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы қызметкерлерінің бірі Карлаш Павел Андреевичке тиесілі.

Экспозицияның ашылуына Павел Андреевичтің ұлы, осы жәдігерді музейге тапсырған - Карлаш Валерий Павлович қатысты. Ол өзінің әкесінің жауынгерлік жолы, Теміртауға келуі және осындағы өмірі туралы айтып берді.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.