ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің бас суретшісі Хайниса Мұстафинаның шығармашылық кездесуі өтті

ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің бас суретшісі Хайниса Мұстафинаның шығармашылық кездесуі өтті

2021 жылдың 11 маусымында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің бас суретшісі Хайниса Мұстафинаның шығармашылық кездесуі өтті

Кездесуге Қарағанды облысының мәдениет мекемелерінің басшылары, облыстың және қаланың шығармашылық зиялы қауымы қатысты.

Суретші «Өмір өрімдері» атты экспозиция ұсынды. Бұл автордың соңғы 5 жылда жасаған жұмыстары. 50-ге жуық графикалық суреттер мен бірқатар көркем инсталляциялар.

Ашылу салтанатында Теміртау қаласының мәдениет бөлімінің басшысы Шәкенова Айжан Қойшыбайқызы; Теміртау тарихи-өлкетану музейінің директоры Скорикова Наталья Дмитриевна; «Т-Арт» теміртаулық суретшілер клубының төрағасы Юрий Пильтихин сөз сөйледі.