Интерактивті «Тілдік квест» ойыны басталды

Интерактивті «Тілдік квест» ойыны басталды

2021 жылдың 3 маусымында интерактивті «Тілдік квест» ойыны басталды.

Жолкөрсеткіштің көмегімен квест тапсырмасы орындалатын аймақтардан өтіп жасырынған сөздерді табу керек. Ал жолкөрсеткіш кілтпен құлыптанған сандықта жасырынған. Оны ашу үшін сөмкелердегі бірнеше кілттің арасынан қармалап  тиісті кілтті табу керек.

Кедергілерден өтіп, кілтті алып, ойынға қатысушылар тапсырма аймақтарына тап болады:

  • мұнда сына жазудың мағынасын ашып, пиктографиялық хат салынған қыш ыдысты тауып, сол хаттың мазмұнын анықтайды;
  • әр түрлі тілдерде сәлемдесуді үйренеді;
  • Сөйлеу қабілеті жоқ адамдардың тілін үйренеді;
  • Қара жәшіктің құпиясын ашып, достық мұнарасын тұрғызады;
  • әр түрлі халықтардың музыкасына билейді;
  • халық ойындарын ойнайды.

Квестке «Арселор Миттал Теміртау» БЖО-ның тәрбиеленушілері қатысты.