Балаларды қорғау күніне орай «Сараптама» деп аталатын музейлік шарлау басталды

Балаларды қорғау күніне орай «Сараптама» деп аталатын музейлік шарлау басталды

 

2021 жылдың 1 маусымында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Балаларды қорғау күніне орай «Сараптама» деп аталатын музейлік шарлау басталды.

Ойынға Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия оқушылары қатысты. Жас сарапшылар тапқырлықпен, біліммен және үлкейткіш әйнекпен қаруланып, музей залдарынан экспозиция тақырыбына сәйкес келмейтін 10 жәдігер тапты.

Көрме тақырыбына сәйкес келмейтін жәдігерлер нөмірленген болатын, оларды жас сарапшылар жарнамалық кодқа енгізді. Музейлік сараптаманы аяқтап, промокод жинап, қатысушылар Теміртау музейінен фирмалық кәдесый алды.