Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына және О.Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Әлемді өзгерткен оқиғалар» атты экспозиция ашылды

Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына және О.Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Әлемді өзгерткен оқиғалар» атты экспозиция ашылды

2021 жылдың 27 сәуірінде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына және О.Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Әлемді өзгерткен оқиғалар» атты экспозиция ашылды.

Экспозиция фотоқұжаттар мен жәдігерлердің көмегімен эмоционалды хаос стилінде жасалды.

Экспозицияның ақпараттық блоктары Қазақстан мен әлемдегі ядролық қару тақырыбын хронологиялық тұрғыдан ашады:

1898 жыл - М. Кюри уран минералы настураннан көп мөлшерде радиация бөлетін зат тапты. Бұл жаңалық ядролық қаруды жасауға серпін берді.

1945 жыл – АҚШ алғаш рет Манхэттен жобасы аясында жасалған ядролық қаруды әскери режимде сынап көрді. Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалалары бомбаланды.

1949 жыл – Семей ядролық сынақ полигонын пайдалану. 40 жыл бойы Қазақстан жерінде ядролық сынақтар жалғасты.

1989 жыл - «Невада-Семей» халықаралық қозғалысын ұйымдастыру. Ядролық жарылыстарға қарсы күрестің көшбасшысы қазақстандық ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.

1989 жыл - «Невада-Семей» халықаралық қозғалысын ұйымдастыру. Ядролық жарылыстарға қарсы күрестің көшбасшысы қазақстандық ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.

1991 жыл - ҚазКСР Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлық қабылдады. Қазақстан ядросыз мемлекеттің позициясын таңдады.

Экспозиция негізінде Meetup форматында (диалог алаңы) № 6 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен экспозиция тақырыбы бойынша сұрақтар талқыланды.