Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Көшпенділердің өнертабыстары» атты музей мерекесі өтті

Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Көшпенділердің өнертабыстары» атты музей мерекесі өтті

19 наурызда Наурыз мерекесі аясында Қазақстанда ұлттық қолөнер күні атап өтіледі. Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Көшпенділердің өнертабыстары» атты музей мерекесі өтті.

Тарихшылар мен археологтар заттық деректерге сүйене отырып, ежелгі өркениеттің көшпелі әлемі материалдық мәдениеттің көптеген заттарын әкелгенін дәлелдеді, онсыз қазіргі қоғамның өмірі мүмкін емес. Өз дамуында дала көшпенділері әлі күнге дейін әлемнің барлық бөліктерінде қолданылатын өнертабыстар мен техникалық инновациялардың негізін қалаушылар болды.

Музей мерекесіне қатысушылар көшпенділердің бірегей өнертабыстары болып саналатын- даланың қатал жағдайларында өмір сүруге мүмкіндік беретін, материалдық мәдениетті құрайтын- киіз үй және киізбен танысты.

Іс-шараға қатысушылар сонымен қоса ер-тоқым мен үзеңгі көшпенділер империясын қуатты етіп, оның дамуын алға жылжытқаны туралы мәлімет алды. Ал азық-түліктердің ерекше тәсілмен сақталуы тоңазытқыштар мен жертөлелерді қажет етпеді.

Балалар әрбір «тарихтың сиқырлы сандығын» ашқан сайын  өте қарапайым, бірақ соншалықты маңызды болып табылатын, осы күнге дейін көп жерлерде қолданылатын көшпенділердің өнертабыстарымен танысып отырды.

Іс-шара әлеуметтік желілерде тікелей эфирде, және офлайн режимінде қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен өтті.