«Мыңжылдықтың ұлы тұлғалары» атты ғылыми-зерттеу квиз

«Мыңжылдықтың ұлы тұлғалары» атты ғылыми-зерттеу квиз

2021 жылдың 16 ақпанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Мыңжылдықтың ұлы тұлғалары» атты ғылыми-зерттеу квиз өткізді.

Квиз «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия» КММ-нің 9 «А»сынып базасында өтті. Іс-шараны өткізуге Ә.Бөкейхановтың өмірін баяндайтын шағын экспозиция негіз болды, ал әрбір қатысушыға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мұрағаттардан алынған құжаттардың көшірмелері бар папкалар дайындалды.

Квиз 4 турдан тұрды: блиц сұрақтар, құжаттармен жұмыс, көкпар, қара жәшік. Оқушылар 2 ойыншыдан 5 командаға бөлінді, әр команда түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ұпай жинау керек болды, 4 турдың нәтижелері бойынша 28 ұпай жинап, Базарбаев Руслан мен Амангелдіқызы Аружан жеңімпаз атанды.