Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында «КСРО-ның 1937-1958 жылдардағы лотерея билеттері» экспозициясының ашылуы өтті

Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында «КСРО-ның 1937-1958 жылдардағы лотерея билеттері» экспозициясының ашылуы өтті

2021 жылдың 18 қаңтарында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында «КСРО-ның 1937-1958 жылдардағы лотерея билеттері» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозицияда келесі лотерея билеттері ұсынылды:

  • ОСОАВИАХИМ лотерея билеттері, 1937 ж.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы «Тыл-майданға» лотерея билеті, 1944 ж.
  • «Бүкілодақтық жастар фестивалі» лотерея билеті, 1957 ж.
  • Қазақ КСР-нің лотерея билеті, 1958 ж.

Лотерея билеттерін ҚарГРЭС-1 мекемесінің бұрынғы директоры A.K.Баублис сыйға тартты.

            Экспозиция барысында ежелгі замандарда пайда болған, кейіннен КСРО-да лотерея билеттерін шығаруды қайта жаңғырту туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар лотерея билеттерінің ұтыс ойындарынан қаражаттардың қайда жіберілгені туралы, 20 ғасырдың бірінші жартысында лотереяда не ұтып алуы мүмкін екендігі туралы да айтылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша лотерея билеттері сатылғаны жайлы айтылды. 20 ғасырдың бірінші жартысында лотерея билеттерінің құны қанша болғандығы туралы баяндалды.              Экспозицияның  ашылуы  әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді. Экспозиция бір ай көрсетіледі.