Мерейтой иесі Н.Ж.Бейсекеевті марапаттау

Мерейтой иесі Н.Ж.Бейсекеевті марапаттау

2020 жылдың 22 желтоқсан күні Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов 40-тан астам әндердің авторы, сазгер Бейсекеев Наурызбай Жиманұлына Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің құттықтау хатын табыс етті.

Бейсекеев Наурызбай Жиманұлы Ақтоғай ауданы, Тасарал ауылының тұрғыны. Композитор «Көк толқын» атты әндер жинағының авторы.

Көп жылдардан бері мектеп қабырғасында оқушыларға ұстаздық еткен Наурызбай Бейсекеев биыл 60- жасқа толды.