Теміртау тарихи-өлкетану музейінің Instagram тікелей эфирінде Қазақстандағы президенттік институттың 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған деректі тарихи қайта құрудың ашылуы

Теміртау тарихи-өлкетану музейінің Instagram тікелей эфирінде Қазақстандағы президенттік институттың 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған деректі тарихи қайта құрудың ашылуы

2020 жылдың 30 қарашасында Теміртау тарихи-өлкетану музейінің Instagram тікелей эфирінде Қазақстандағы президенттік институттың 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған деректі тарихи қайта құрудың ашылуы өтті.

Экспозиция бірнеше бөлімнен тұрады, онда 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымы құрылған сәттен бастап 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы демократиялық сайлау өткізілгенге дейінгі тарихи оқиғаларды қайта жаңғыртатын Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан алынған мемлекеттік маңызы бар құжаттар көрсетілді.

Қайта құрудың ерекше бөлімі Теміртау қаласының мысалында оқиғалар хроникасын бейнелейді: Мұнда Теміртау музейінің қорларынан Н. Ә.Назарбаевтың сайлау алды бағдарламасы, Қарағанды металлургия комбинатының үгіт парақшалары, қалалық газеттер арқылы сайлауға қатысуға және Н. Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақыратын құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған.

Деректі қайта құрудың қорытынды бөлігінде 1991 жылғы 1 желтоқсандағы сайлау бюллетені және Қазақстанның Тұңғыш Президенті антының мәтіні орналасты.