«Адал ұрпақ» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық назарда» атты командалық QUIZ TIME өтті.

«Адал ұрпақ» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық назарда» атты командалық QUIZ TIME өтті.

«Адал ұрпақ» жобасы аясында адалдық мәдениетін қалыптастыру саласы бойынша өткізілген көшпелі форум шеңберінде қатысушылар үшін «Сыбайлас жемқорлық назарда» командалық QUIZ TIME ұйымдастырылды.
Квиз форумның интерактивті бөлігіне айналып, қатысушыларға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, негізгі ақпараттық-түсіндіру бағдарламасы барысында алған мәліметтерін бекітуге мүмкіндік берді.
Командаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті аспектілеріне арналған 10 сұраққа жауап беру ұсынылды.
Командалық ойын форматы күрделі құқықтық тақырыпты барынша қолжетімді етіп, қатысушыларды практикалық мәселелерді белсенді талқылауға тартуға мүмкіндік берді.
QUIZ TIME қорытындысы бойынша I, II және III орын иеленген командалар анықталды. Жеңімпаздарға грамоталар табысталды.
Квиз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – заңнаманы білу ғана емес, сонымен қатар оның нормаларын түсіну және оларды кәсіби қызметте қолдана білу екенін тағы бір мәрте көрсетті.