«Суреттемелер» көрмесінің ашылуы

«Суреттемелер» көрмесінің ашылуы

2020 жылдың 24 қарашасында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Суреттемелер» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмедегі барлық жұмыстарды көркем фотоcурет біріктірді. Бұл негізінен Теміртауда және оның айналасында түсірілген табиғи көріністі бейнелейтін суреттер. Жұмыстардың авторлары – «Сплав» халық клубының танымал фотосуретшілері. Бірақ бірнеше ерекшеліктер де бар – бұл Ромашкин Шикап пен Хаято Мацумотоның суреттері.

Вернисажда ұсынылған жұмыстарды көрермендер тікелей эфирде көре алды. Интернет кеңістігін пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жұмыс авторларымен сөйлесе алды.