24 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және цифрлық тәртіп: мемлекеттік мүлік, дербес деректер және кәсіби әдеп» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ММ іске асырып жатқан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған жоба аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты. Спикер ретінде Ахметова Ботагөз Телманқызы – «Bolashak» академиясының ғылыми хатшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пулдың спикері, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдердің салааралық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Пелагиялық ғылымдар академиясының мүшесі сөз сөйледі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың заманауи тетіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, адалдық қағидаттары, кәсіби әдеп пен жеке жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық тәртіпті сақтау, мемлекеттік мүлікті ұтымды пайдалану, дербес деректерді қорғау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ кәсіби қызметте цифрлық сервистер мен жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Практикалық мысал ретінде нақты сыбайлас жемқорлық істері және олардың құқықтық салдары талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың практикалық мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және адалдық мәдениетін қалыптастыру жөнінде пікір алмасты.