Онлайн режимде «Нығмет Нұрмақов және Tәуелсіз Қазақстан» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Онлайн режимде «Нығмет Нұрмақов және Tәуелсіз Қазақстан» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығына орай онлайн режимде «Нығмет Нұрмақов және Tәуелсіз Қазақстан» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының жоғары оқу орындарының ғалымдары, өлкетанушылары, облыс музейлерінің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Н. Нұрмақов атындағы мектеп мұғалімдері және туыстары қатысты.

Н.Нұрмақов 1895 жылы 25 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. С.Сейфуллинмен бірге Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.

Өзінің бірегей ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Нығмет Нұрмақұлы жоғары лауазымдарды атқарды: 1922 жылы оған ҚАКСР Жоғарғы Революциялық трибуналын басқару сеніп тапсырылды, 1923-1924 жылдары Жоғарғы Соттың қазақ бөлімін басқарды, прокуратура құрудың бастауында болды. Сол жылдары ол «Қазақ тілі» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналы редакциясының мүшесі болған.